⚜️Құрық ауылында ауыз су жүйесін жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан 2000 м³-тық екі су резервуарының құрылысы аяқталуға жақын.
⚜️Аталған жоба аудан әкімінің есептік кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген ауыз су мәселесін шешу, сондай-ақ шалғай орналасқан ауылдарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
⚜️Жобаның келісімшарттық құны 350 млн теңгені құрайды. Мердігер мекеме ретінде «ТехИнСервис» ЖШС анықталған.
⚜️Бүгінгі таңда шалғай орналасқан Карьер және Баутино көшелеріне ұзындығы 1,8 шақырым болатын су құбырын тарту жұмыстары толық аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта нысанда соңғы дайындық және іске қосу шаралары жүргізілуде.
⚜️Бұл жоба Құрық ауылының тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, аудан халқының тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі