Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Сіздерді еліміз үшін ерекше тарихи маңызы бар — 4 маусым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл — біздің халқымыздың жүрегінде Отанға деген терең сүйіспеншілік пен айрықша мақтаныш сезімін оятатын, ел бірлігінің, тәуелсіздіктің, дербес мемлекеттігіміздің жарқын бейнесіне айналған айшықты күн.

Мемлекеттік рәміздер — бұл бір ұлттың мәңгілігін, елдігінің тұғырын, халықтың рухани биігін паш ететін ерекше құндылықтар.

Көк байрағымыз — ашық аспанымыз бен бейбіт болашағымыздың белгісі,

Елтаңбамыз — ата-бабадан мирас болған қасиетті мекенге деген адалдығымыздың таңбасы,

Әнұранымыз — жүрек тебірентер патриоттық рухтың үні.

Рәміздеріміздің әр сызығында, әр түсінде, әр әуезінде — ғасырлар бойы ел болып ұйысып, ұлт болып қалыптасу жолында төгілген тер мен төзім, ерлік пен елдік, үміт пен сенім жатыр. Бүгінгі таңда, Мемлекеттік рәміздеріміз тек ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейде де Қазақстанның абыройын асқақтатып, оның Тәуелсіз, бейбітсүйгіш және болашаққа нық қадам басқан мемлекет екенін дәлелдеп келеді.

Осы күн — жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен адалдықты, ұлттық рух пен тарихи жадыны сіңіретін, әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді тереңдете түсетін тағылымды мейрам. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке, елімізге бейбіт өмір мен баянды болашақ тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Рәміздеріміз әрдайым биік болсын!

Құрметпен,

Қарақия ауданының әкімі  С.Төретаев.