
Қарақия аудандық Тарихи-өлкетану музейінде «Халық заңгері» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шараға тәжірибелі заңгерлер, прокурорлар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, аудан тұрғындарына түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берді.
Азаматтар акция барысында жер мәселесі, тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді жекешелендіру, өрт қауіпсіздігі, «Дипломмен ауылға» жобасы, балабақша кезегі, еңбек, салық, денсаулыққа келтірілген зиян, сот шешімдерін орындау, азаматтық және әкімшілік құқық секілді өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.
Айта кету керек, «Халық заңгері» акциясы осы күні Қазақстанның барлық өңірінде бір уақытта ұйымдастырылып, еліміздің әрбір азаматына заң аясында қолдау көрсетуді көздеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі