
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз!» республикалық акциясы аясында, Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Айгөлек» балабақшасындағы кішкентай бүлдіршіндерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрету, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Балаларға өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек екені туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі