Жетібай ауылында аудан әкімінің есептік кездесуі өтті

Жетібай ауылында аудан әкімінің есептік кездесуі өтті

⚜️ Жетібай ауылында аудан әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

⚜️ Атап айтқанда:

  • Астана және Мұнайшы-2 шағын аудандарында әрқайсысы 2 пәтерден тұратын 8 тұрғын үй сатып алынып, тұрғын үйге мұқтаж, осал әлеуметтік топтағы 16 азаматқа пәтер кілттері табысталды.
  • 7 шағын аудан аумағында (Ж.Мыңбаев, Астана, Мұнайшы-1, Мұнайшы-2, Т.Әубәкіров, Төлендиев, №2 ауыл) көп жылдан бері жиналып қалған тарихи қалдықтар толықтай тазартылып, санитарлық жағдай жақсартылды.
  • С.Жаңғабылұлы және №2 ауыл шағын аудандарында воркаут үлгісіндегі ашық спорт алаңдары орнатылып, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалды.
  • Өндірістік мекемелердің демеушілігімен тозығы жеткен, апатты жағдайдағы үйлер сүріліп, аумақтар ретке келтірілді.
  • Зердебай Бекарыстанұлы атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп жанынан жастарға арналған заманауи спорт залы салынып, пайдалануға берілді.

⚜️ Сонымен қатар, ауылды көркейтуге бағытталған жаңа жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, «Мұнайшы-1», «Аэропорт» және №2 ауыл шағын аудандарында балалар ойын алаңдарын салу, орталық көшеде арбат үлгісіндегі қоғамдық кеңістік қалыптастыру, ауыл кіреберісіндегі жарықтандыруды жаңғырту және қоғамдық базар маңында автотұрақ орнату жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

⚜️ Аудан әкімінің айтуынша, Жетібай ауылын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

⚜️ Кездесу барысында тұрғындар тарапынан 15-ке жуық жеке мәселе көтеріліп, барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ