Суға шомылу маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Суға шомылу маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

⚜️Суға шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары өтті.

⚜️Іс-шара аясында мамандар судағы қауіпті жағдайлардың алдын алу, балаларды қараусыз шомылудан қорғау және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу сынды негізгі ережелерді түсіндірді.

⚜️Сонымен қатар, қатысушыларға қауіпсіз шомылу техникасы мен сақтандыру қағидалары бойынша арнайы жадынамалар таратылды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі