АУДАН ӘКІМІ: Болашақ ауылдық округін дамыту керек

АУДАН ӘКІМІ: Болашақ ауылдық округін дамыту керек

⚜️ 22 мамыр аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Болашақ ауылында басталды. Шарада аудан әкімі Сымбат Төретаев және Болашақ ауылдық округінің әкімі Сыйлыбай Аманқұлов ағымдағы жылдың 5 айында  жасалған жұмыстарды айтып, тұрғындармен ауылдағы өзекті мәселелерді талқылады.

⚜️Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты.

⚜️Кездесу барысында, абаттандыру мәселесі талқыланды. Болашақ ауылы бойынша көшелердегі және ашық футбол ойын алаңындағы істен шыққан ескі жарық шамдары алынып, 45 дана LED жарық шамдары орнатылды. Әкімшілік ғимаратты шағын спорт кешені ретінде реконструкциялау және ашық ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны 11,9 млн теңгені құрайтын, заманауи жабдықталған балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. 1 заманауи үлгідегі балалар ойын алаңы, ұзындығы 4700 шаршы метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы, орталық саябақ, волейбол, баскетбол алаңдары салынуда.

⚜️Қоғамдық қауіпсіздікті алдын алу бағытында ауылішілік көшелерде орналасқан су, кәріз су құбырларындағы ашық жатқан құдықтардың қақпақшаларын қалпына келтіру, үйлерге электр таратушы трансформатор жүйесіне техникалық бақылау және тазалау жұмыстары жүргізілді. 1400 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы қазіргі таңда салынды.

⚜️Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Шараға қатысқан тұрғындардың негізгі көтерген мәселесі жол және ауыз су. Аталмыш мәселе бойынша аудан басшысы жоба жасақтауды тапсырды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз  қызметі