⚜️Қарақия ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кезекті комиссия отырысы өткізілді.
⚜️Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері талқыланып, ағымдағы жағдайға сараптама жасалды.
⚜️Отырыс барысында қатысушылар жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік мәселелердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, салааралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жандандыру сынды нақты тапсырмалар берілді.
⚜️Жиын соңында барлық мүдделі мекемелерге бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оның аясында мектептерде ақпараттық-танымдық кездесулер өткізу, психологтардың қатысуымен кеңестер ұйымдастыру, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі