Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
10 июля 2025
Құрық ауылында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

⚜️Құрық ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жаңарту мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы ұйымдастырылып, мердігер мекеме ретінде «Меруерт LTD» ЖШС анықталды.

⚜️Бүгінгі күні №15, 16, 5, 6, 50 тұрғын үйлерінде жөндеу жұмыстары басталып, жоба құны 87,4 млн теңгені құрады.

⚜️Сонымен қатар, №45, 46, 48, 49, 52 үйлеріне жөндеу жүргізу үшін келісімшарт бойынша жұмыстар 77,4 млн теңгеге орындалуда. Атап айтқанда, №52 үйде шатыр толық ауыстырылып, қазіргі таңда ішкі әрлеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

⚜️Бұдан бөлек, тағы 7 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс рәсімдері ұйымдастырылу үстінде. Олардың қатарында №39, 41, 43 және №32, 33, 34, 36 үйлер бар.

⚜️Аудан әкімдігі тұрғын үй қорының сапасын арттыру мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауды басты міндет санайды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

09 июля 2025
Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер арасында цифрлық сервистерге деген сұраныстың  артқанын атап өтті. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілді, бұл қызмет көрсету процесін едәуір жеделдетті.

QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта    1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,

Сервисті қолдану үшін смартфонға "ЦОН" мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, "ХҚКО кезегіне талон" батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

 

 

Спорт
09 июля 2025
Құрық ауылында тұрғындар үшін жаңа ашық спорт алаңы пайдалануға берілді

⚜️Құрық ауылында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 1 шағын аудан №37 үйдің жанындағы босалқы жер учаскесінде ашық спорт алаңы салынды.

⚜️Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме – «NurHam» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары бекітілген келісім-шарт аясында жүргізіліп, жоба құны 12,2 миллион теңгені құрады.

⚜️Жаңа спорт алаңының жалпы көлемі 800 шаршы метрді (20x40 метр) құрайды. Бұл алаң көпфункционалды етіп жасақталған, яғни тұрғындар мұнда футбол, волейбол, баскетбол сынды түрлі спорт түрлерімен айналыса алады. Сонымен қатар, алаң аумағы 84 метрлік жаяу жүргіншілер жолымен қамтылып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы ескерілген.

⚜️Кешкі уақытта да спортпен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алаңға 6 дана шарық шам орнатылған. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және кешкі мезгілде де спорттық белсенділікті арттыруға септігін тигізбек.

⚜️Ашық спорт алаңы – жергілікті тұрғындар үшін дене шынықтырумен айналысатын, балалар мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізетін жаңа демалыс орнына айналмақ. Мұндай нысандардың көбеюі ауданымыздағы әлеуметтік инфрақұрылымның жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

08 июля 2025
Тіл – адамзаттың рухани байлығы

Тіл – адамзат қоғамының маңызды құрамдас бөлігі. Ол тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар мәдениетті, дәстүрді, тарихты және ұлттық бірегейлікті сақтау мен жеткізудің негізгі механизмі. Тіл арқылы адамдар өз ойларын, сезімдерін, идеяларын білдіреді, және бұл коммуникацияның негізі болып табылады.

Соңғы жылдары технологиялардың дамуы тілдердің өзгеруіне ықпал етті. Интернет пен әлеуметтік желілер жаңа сөздер мен терминдердің пайда болуына себеп болды. Ағылшын тілінің әлемде кеңінен қолданылуы көптеген тілдердің лексикасына әсер етіп, халықаралық коммуникацияда маңызды рөл атқаруда.

Тілді сақтау мен дамыту – әр адамның міндеті. Тілді үйрену, оны күнделікті өмірде қолдану, әдеби шығармаларды оқу – тілдің байлығын арттыруға ықпал етеді. Жастарға ұлттық тіл мен мәдениетті насихаттау да өте маңызды.

Тіл – адамзаттың рухани байлығы, мәдениеттің негізі. Оны қорғау, дамыту және насихаттау – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Тіл арқылы біз өзімізді танып, әлемді түсінеміз. Сондықтан әрқайсымыз өз тілімізді құрметтеп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Тіл – біздің ұлттық идентификациямыздың негізі, сондықтан оны сақтау – болашақ ұрпақ үшін маңызды міндет.   

Қарақия аудандық ішкі саясат және

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы    Асылбек М.                        

05 июля 2025
Ақтауда жаңа сауда орталығы ашылды

ҚР Президентінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында берілген «Сауда инфрақұрылымын дамыту» жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақтауда жаңа ойын-сауық орталығы ашылды.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қатысты.  10-шағын ауданда орналасқан «Saya Park» ойын-сауық орталығының жалпы жер аумағы 4 гектар болса, сауда алаңы 36 000 шаршы метрді құрайды. Орталықта жеті залдан тұратын кинотеатр мен балаларға арналған ойын-сауық аймағы бар. Сауда орталығының ерекшелігі мұнда қызмет ететін кәсіпкерлер табысының 1 пайызы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Орталықтың сыртында тұр­ғын­дарға ыңғайлы болуы үшін автотұрақ салынған. Кешен аумағында  тұрғындардың демалып отыратын шағын саябақ та бой көтерген.

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа сауда орталықтарының өңір экономикасына оң серпін беретіндігін атап өтіп, кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

Орталыққа келген қала тұрғындары кешеннің   ерекше стильде салынғанын айтты.

-Осы орталық іші де, сырты да әдемі екен. Әсіресе, сауда орталығының алдында кешке отбасымызбен серуендеуге жайлы орын бар. Қаламыздың көркейгеніне қуаныштымыз, - деді Ақтау қаласының Ақілгек Баймұханова.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 июля 2025
Елорда күніне байланысты ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Елорда күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

 

 

04 июля 2025
Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов азаматтарды жеке қабылдады

⚜️Аудан әкімінің орынбасары Санат Төкенов аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдау мақсатында жеке қабылдау өткізді. Қабылдау Қарақия ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған алдын ала жазылған және өзекті мәселелерімен келген тұрғындар қатысты.

⚜️Қабылдау барысында азаматтар тарапынан жер телімдерін бөлу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ жұмыссыздықты азайту мәселелері кеңінен көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініш-шағымы мұқият тыңдалып, сұрақтарға түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуі үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

⚜️Жеке қабылдауға келген тұрғындардың саны 70-ке жуықтады. Санат Төкенов тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді, өзекті мәселелердің шешімін бақылауда ұстауды міндеттеді.

⚜️Аудан әкімдігінің ашық есік күні аясында өткізілген жеке қабылдау халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және тұрғындардың жергілікті атқарушы билікке деген сенімін нығайтуға бағытталды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жер қатынастары
Ауыл шаруашылығы
04 июля 2025
Қарақия ауданында шөп шабу жұмыстары басталды

⚜️Қысқы мал азығын дайындау – ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорығының инспекторлары шөп шабу науқанына қатысатын бригадалармен бірге шөп шабылатын жерлерді нақтылады.

⚜️Кездесуге шөп шабушы бригадалардың жетекшілері мен шаруа қожалықтарының иелері қатысты. Шөп шабылатын аумақтар ретінде «Қайтпас», «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорығына қарасты «Шұқыр ой» жері және «Бекежан» жері белгіленді.

⚜️Аталған жерлерде 4 бригада жұмыс істеп, 8 мың тоннаға жуық шөп шабу жоспарлануда. Аудан тұрғындары үшін 1 түк шөптің бағасы 1000 теңге болып белгіленді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

03 июля 2025
Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін  сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис  25 676 рет қолданылды.

Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.

БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу.

   «БейнеХҚКО» сервисін пайдалану  қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әрі қарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі және қажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелген құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.

 

 

 

02 июля 2025
БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді

Соңғы жылдары салымшылардың БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтеріне деген қызығушылығы айтарлықтай өскені байқалды. Маңыздысы – мұндай қызметтердің 7/24 режимде қолжетімді болуы.

01.01.2025ж. мен 31.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 22,6 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,8 млн-нан астамы электрондық форматта, 10,2 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 412,3 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 403,5 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.

Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 810,3 мыңға жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 12,9 млн үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн астамы – электрондық, ал 1,7 млн-ы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылатынын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу "БЖЗҚ"АҚ атына тиісті сұраныс жіберген кезде іске асырылады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында деректемелерді өзгертуге 59,9 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 56,3 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. 

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 21,0 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 439,8 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 18,8 мыңнан астам материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 240,7 мың.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

Социальные сети
Фейсбук
Инстаграмм
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы