ХАБАРЛАМА

2021 жылғы  25 шілдеде Маңғыстау облысы  Қарақия ауданы  Құланды ауылдық  округі әкімінің сайлауы  1 сайлау округінде өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңының  14-бабының  9 тармақшасына, 44-бабының    2-тармағына,  45-бап  пен  113-10-бабына  сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының  ауыл  әкімінің сайлауы  нәтижелері  туралы  хаттамалары  негізінде Қарақия  аудандық  сайлау комиссиясы сайлау  қорытындысын шығарды:

Құланды ауылдық  округі әкімінің сайлауы бойынша  сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылыр тізіміне  828 сайлаушы енгізілді, оның ішінде  701 сайлаушы  дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны  –  9, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны  - 2.

Әрбір кандидат үшін  берілген дауыстар саны:

Кылышбаев А. Т. – 150;  Кыстаубаев Д. Б. – 183; Төкенов С.Т. – 357.

Сайлау қорытындысы  бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы  Құланды ауылдық округі  әкімі болып  Төкенов Санат Теңелұлы  сайланды, 1974 жылы туған, Құланды ауылдық округінің әкімі, Құланды ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестікпен  ұсынылған, қазақ.

                                                       

Қарақия аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
26 июля 2021