
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері Пьяных Лидия Аристарховнаның ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп қайтты.