Сіздерді келе жатқан кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді келе жатқан кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

 

Сіздерді келе жатқан кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Медицина-жердегі ең асыл және жауапты іс. Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі болғаны баршаға аян. Сіздердің мейірімдеріңіз бен жылы сөздеріңіздің өзі жанға шипа. Сондықтан сіздерге деген сенім күшеюде.

Бүгінде біз үнемі өзгеріп тұратын әлемде өмір сүреміз. Денсаулық сақтау, кез келген басқа сала сияқты, орнында тұрмайды. Медициналық технологияларда, емдеу әдістерінде, азаматтарды оңалтуда жаңа жетістіктер пайда болуда. Біздің алдымызда медициналық көмек елдің әрбір тұрғынына одан әрі сапалы және қолжетімді болуына бағытталған маңызды міндеттер тұр.

Қазіргі уақытта бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. Жаңа, әзірге жеткілікті зерттелмеген, вирустық инфекцияның таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауды. Бұл туралы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан болатын.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен біз саяси ерік-жігерді, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға барынша қамқорлық танытуын көрдік. Біз карантин шараларын жан-жақты қолдауға және оларды мүлтіксіз ұстануға тиіспіз. Бүгінде жүргізілген жұмыстардың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Сондықтан дәл қазіргі уақытта осы мәселемен тікелей айналысатын және халықты ресми дерек көздері арқылы хабардар ететін мамандардың пікірін тыңдау өте маңызды.

Елбасымыз медициналық мамандардың жұмысына жоғары баға берді, бұл қуантарлық жағдай, мұны біз толығымен қолдаймыз.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің ерлік еңбегін атап өтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. Бұл сөздер тек медициналық ұйымдарының қызметкерлері арасында ғана емес, қарағандылықтарды қоса алғанда, еліміздің барлық азаматтарынан алғыс тапты.

Бүгінде қаламыздың ауруханалары мен клиникалары коронавирустық инфекциямен күресуге жұмысқа қайта бағдарланған. Барлық медициналық қызметкерлері, дәрігерлер мен медбикелер практикалық денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етуде, бейінді жоғары оқу орындарының ғалымдары COVID-19 вирусын емдеуге және алдын алу бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеуге белсенді түрде тартылған.

Дәрігер мамандығы көп қырлы және қоғамда ерекше құрмет пен беделге ие екені баршаға мәлім. Қазіргі күні Қарағанды медицина қызметкерлерінің үздік дәстүрлері сақталып, дәрігерлер мен медбикелердің қатары жаңа мамандармен толықтырылған.

Құрметті дәрігерлер, ауыр да жанкешті қызметтеріңізде табысқа жете беріңіздер! Отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға мықты денсаулық пен амандық тілейміз. Қоғамның сый-құрметіне бөлене беріңіздер!

Осындай мерекелік күнде барша дәрігерлеріміз бен мейірбекелерімізге, техникалық персоналға, денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Адал ниетті еңбектеріңіз бен адамзат денсаулығына деген ықылас-қамқорлықтарыңыз үшін ең жылы, ең шынайы алғыс сөздерге лайықсыздар!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров

 

 

Қарағанды қаласы

қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанов