Террикон алқабында 18 және 19 қарашада өнім менеджері мамандығын игергісі келетіндер үшін екі күндік интенсив өтеді.
Тегін курстың спикері CEO Make ІТ Ольга Николаева болады.
Өнім менеджері – өнімді немесе қызметті жоспарлауды, әзірлеуді және іске қосуды басқаратын маман. Бұл әзірлеушілер, дизайнерлер және басқа мамандар арасындағы байланыс.
Спикер өніммен жұмыс қандай кезеңдерге бөлінетінін, бәсекелестік талдауды қалай жүргізу керектігін және қаржылық модель құруды түсіндіреді.
Тіркелу қажет: terricon.kz.
Сабақтар офлайн және онлайн режимінде өтеді.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Басталуы сағат 11.00-де.
"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.