Қарағандылық дзюдошы әлемдік турдың Гран-при күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық дзюдошы әлемдік турдың Гран-при күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық спортшы Жансай Смағұлов халықаралық дзюдо федерациясының әлемдік турының бас жүлдесін жеңіп алды. Осы маусымдағы алғашқы жарыс Португалияда басталды. Оған 81 елден 550-ге жуық шеберлер қатысады.

Жансай Смағұлов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан 60 дзюдошы арасында екінші орынды ұтып алды.

Қарағандылық В тобынан шығып, іріктеу турында швед, украин және бельгиялықтарды жеңіп алды. Жартылай финалда Смағұлов испандық Хосе-Антонио Аранданы иппонмен (мерзімінен бұрын) жеңді. Бірақ шешуші жекпе-жекте Өзбекстаннан келген 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Обидхон Номоновтан жеңіліп қалды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша