Қарағанды қаласы әкімінің өкімімен ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Ілияш Нұржан тағайындалды.

Қарағанды қаласы әкімінің өкімімен ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Ілияш Нұржан тағайындалды.

Нұржан Ағыбайұлы 1979 жылы 15 наурызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Дүниежүзі тарихы және құқықтану мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданы №23 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады, одан әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2005 жылдан Қарқаралы ауданының білім және спорт бөлімінде жұмыс істеді. 2006 жылы Қарағанды қаласы, Д.Қонаев атындағы университетте әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2013 жылы "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы"ММ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінде бастаған. 2014 жылы осы басқарманың ақпараттық саясат және мониторинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Тағайындалғанға дейін "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы"мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік рәміздердін насихаттау және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.