Құрметті табиғат пайдаланушылар (операторлар)!
Қарағанды облысы бойынша экология Департаменті хабарлайды.
ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы ЭK 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті екендігін еске саламыз.
Объектілерді санаттарға жатқызу үшін өтініш беру үдерісін жеңілдету және жеделдету үшін Бірыңғай экологиялық портал әзірленді - http://ecogov.kz. БЭП операторы ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады.
Бірыңғай экологиялық порталдың байланыс орталығы: тел.: 8 (7172) 24 81 74, 8 (7172) 24 83 45, 8 (7172) 24 83 48, 8 775 826 72 29.
Экология Департаментінің байланыс номерлері: 8 (7212) 41 09 10, 41 08 71, 41 07 54.
https://www.instagram.com/p/CRGvRyEJmTD/?utm_medium=share_sheet
Бейне нұсқаулық:
Қосымша хабарлаймыз:
IV санат берілген жағдайда объектілер экологиялық рұқсаттар алудан, экологиялық есептілікті тапсырудан және салық төлемдерінен босатылады.
III санат берілген жағдайда объектілер экологиялық рұқсаттар алудан, экологиялық есептілікті тапсырудан босатылады және хабарлама сипатына ауысады.
Айыппұлдарға қатысты:
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес экологиялық заңнама талаптарын орындамағаны үшін жеке тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл қарастырылғанын қосымша еске саламыз.