ҰОС-ғы Жеңіс Күнін мерекелеу туралы ақпарат.
Ағымдағы жылы Қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 22 ҰОС ардагерлеріне 1 млн.теңге, оларға теңестірілген 2957 тұлғаларға, олар Ленинград қаласында қоршауда жұмыс істеген азаматтар, ерікті жалдама құрам тұлғалары, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 200,0 мың теңге, наградталған тыл еңбеккерлері – 100,0 мың.теңге, соғыс жылдарында жұмыс жасаған тұлғалар, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері мен әйелдері - 50,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Төлемді "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өтініш талап етпей жүзеге асырды. Ағымдағы жылы қалалық бюджеттен осы төлемге 181 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылған.