Ағымдағы жылдың 20-21 сәуірі күндері С.Сәпиев атындағы бокс Орталығында Қарағанды қаласы әкімінің жүлдесіне қазақ күресінен «Сарыарқа Батырлары» атты республикалық турнир өткізілді. Аталған жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен танымал қазақ палуаны, классикалық күрес шебері, бірнеше дүркін Әлем чемпионы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150-жылдығына орайластырылды. Турнирге 200 астам Қазақстанның ең мықты палуандары қатысты.
Шара Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырды.
Нәтижелер:
Салмақ дәрежесі 55 кг:
1. Ниетбай Даулет, Алматы қ.
2. Тұтқышов Нариман, Қарағанды обл.
3. Жамбыл Асылбек, Шымкент қ.
3. Бекет Жүніс Атырау обл.
Салмақ дәрежесі 60 кг:
1. Сүлеймен Ернур, Жамбыл обл.
2. Ереңқайыпов Ержан, Қарағанды обл.
3. Мағауин Ержан, ҚР ҚМ ОСК
3. Маггилан Мират, ШҚО
Салмақ дәрежесі 66 кг:
1. Аманшүкіров Нұр, Жамбыл обл.
2. Тұрсынғазиев Нұргали «Қызылжар Арландары» СК
3. Қырғызбаев Ғұмар, ҚР ҚМ ОСК
3. Ысқақов Қуаныш «Қызылжар Арландары»
Салмақ дәрежесі 74 кг:
1. Марат Заңғар, Қарағанды обл.
2. Қайрбек Батырхан, «Қызылжар Арландары» СК
3. Қазымбек Акжол, Қостанай обл.
3. Қожамбеков Жұмаш, Шымкент қ.
Салмақ дәрежесі 82 кг:
1. Дартаев Айдын, Қарағанды обл.
2. Арғынов Ерзат, ШҚО
3. Бескемпіров Айдар, Жамбыл обл.
3. Сейтқазынов Ерсін, ШҚО
Салмақ дәрежесі 90 кг:
1. Мұзаппаров Ерсұлтан, Шымкент қ.
2. Жанатаев Ерасыл, Алматы қ.
3. Жүнісов Әсет, Ақмола обл.
3. Аусағитов Алтынбек, «Қызылжар Арландары» СК
Салмақ дәрежесі 100 кг:
1. Молдағұлов Ерғанат, Қарағанды обл.
2. Федеров Данил, Жамбыл обл.
3. Шәмшидинов Қайсар, Түркістан обл.
3. Ахметбеков Бекзат, Қарағанды обл.
Салмақ дәрежесі +100 кг:
1. Жарылғапов Нұрдәулет, Маңғыстау обл.
2. Нұғымов Әйбек, ШҚО;
3. Сейтен Айбар, Нұр-Сұлтан қ.
3. Руслан Абдразаков, Алматы обл.
Түйе палуан:
1. Тұрсынов Мұхит, «Қызылжар Арландары» СК
2. Руслан Абдразақов, Алматы обл.
3. Жарылғапов Нұрдаулет, Маңғыстау обл.
3. Айдарбек Тоқтарбек, Түркістан обл.