
Қарағандыда тағы бір мәдениет ошағы өз есігін ашты
Бүгін Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы жаңа шағын ауданда Бауыржан Момышұлы атындағы кітапхананың ашылу салтанаты өтті.
Абай Құнанбайұлының туған күнімен тұспа-тұс келген бұл күн – кітапты, білімді және руханиятты дәріптеген ерекше сәт болды.
Жаңа кітапхана енді шағын аудан тұрғындары үшін кітап оқып, білім алып, ой бөлісіп, мәдени шараларға қатысатын жайлы ортаға айналады.
Кітапхананың сөрелерін Абай мұрасы, қазақ әдебиеті, қазақстандық авторлардың шығармалары, классикалық және заманауи туындылар толықтырды.
📖 Кітапхана – кітап сақтайтын орын ғана емес, адамдарды білімге, мәдениетке және бір-біріне жақындастыратын жылы мекен.
Қарағандыда осындай мәдени ошақтардың көбейе беруі – қала тұрғындары үшін үлкен қуаныш.