Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі  әлеуметтік көмек

Қарағанды қаласында 2015 жылдан бастап Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №363 шешіміне сәйкес өмірлік қиын жағдай туындаған кезде төлемдер көзделген.

Өмірлік қиын жағдай, әлеуметтік көмек көрсету ережелерін негізге ала отырып, азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдай. Әлеуметтік көмекке үміткер адамдар қатарына мүлкі табиғи апаттардан ғана емес, өрттен зардап шеккен адамдар, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар жатады.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3) жан басына шаққандағы орташа табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 есесінен аспағанда (20144 теңге).

Әлеуметтік көмектің осы түрін өмірлік қиын жағдайда жүрген, жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын ҚР азаматтары ала алады.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

• жеке басын куәландыратын құжат;

• адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер);

• өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және / немесе құжат.

Толық кеңес алу үшін Поспелов көшесі, 16 үйде орналасқан «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, сағат 09.00-дан 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-дан 14.30-ға дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, анықтама телефондары: 300252,300169.