«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

 

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы өкіміне сәйкес, адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң үлгісін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі жарияланды.

Ережеге сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).

Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ, №508 кабинетке (әлеуметтік сала және ішкі саясатты үйлестіру бөлімі тел. 421412, 420890, 87471473163) қабылданады.
Толық ақпаратты Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады: https://karaganda-akimat.gov.kz

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы лауреаты атағын беру жөніндегі қалалық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

  1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы лауреаты атағын беру жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қарағанды қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдар басшыларынан құрылады.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Конкурсты ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласының әкімдігі және қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия.

Комиссияның міндеттері мен құқықтары

  1. Комиссияның міндеттері:

1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші қалалық кезеңі лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) материалдарын қарау;

2) конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпазын анықтау.

  1. Комиссияның құқықтары:

1) конкурс өткізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

2) Комиссия міндеттерін іске асыру үшін конкурс ұйымдастырушыларынан қосымша материалдар сұрату және алу;

3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтарды пайдалану.

Комиссия қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия құрамына мыналар кіреді:

1) Комиссия төрағасы;

2) Комиссия төрағасының орынбасары;

3) Комиссия хатшысы;

4) Комиссия мүшелері.

  1. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, қабылданған шешімдердің орындалуына жалпы бақылау жүргізеді. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады.
  2. Комиссия хатшысы азаматтардың өтінімдері бойынша құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
  3. Комиссия хатшысына мынадай функциялар жүктеледі:

1) конкурс өткізу мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары және конкурс ұйымдастырушыларының ресми интернет-ресурстары арқылы хабарлау;

2) конкурстың бірінші қалалық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау үшін конкурстық комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру, тиісті хаттамалық шешім шығару;

3) қалалық кезең жеңімпаздарының (2 отбасы) материалдарын облыстық комиссияның қарауына дайындау және жолдау.

  1. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру және қалалық кезең лауреаттарының тәжірибесін насихаттау «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мен қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияға жүктеледі.
  2. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
  3. Конкурстың қалалық кезеңі лауреаты атағын беру туралы Комиссия шешімі отырыс хаттамасымен рәсімделеді және оған қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
  4. Комиссия қызметін тоқтату туралы шешімді Қарағанды қаласының әкімі қабылдайды.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған

ӨТІНІМ

 Отбасы басшысы (әкесі немесе анасы) туралы мәліметтер:

  1. Т.А.Ә.
  2. Жасы ______ Жынысы
  3. Білімі
  4. Жұмыспен қамтылуы
  5. Тұрғылықты жері
  6. Отбасы құрамы туралы мәлімет
  7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері
  8. Марапаттарының, сыйлықтарының болуы және түрі
  9. Отбасының әрбір мүшесі туралы мәліметтер:
  10. Т.А.Ә.
  11. Жасы
  12. Білімі
  13. Жұмыспен қамтылуы
  14. Тұрғылықты жері (мекенжайы және телефоны)
  15. Отбасы түрі (2, 3, 4 буынды және т.б.)
  16. Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
  17. Тәрбие негізіне алынған ата-аналық қасиеттер
  18. Отбасында сақталған дәстүрлер
  19. Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға негізделген
  20. Тәлімгерлердің, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы
  21. Отбасылық өмірден қызықты оқиғалар
  22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Күні __________________

Қолы __________________