Сіздерді әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Сіздерді әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бүгін басқалардың мәселелерін өз мойындарына  бірінші алып, оларды шешуге көмектесетін адамдардың мерекесі. Бұл жақсылық пен мейірімділікті сипаттайтын  кәсіби мереке барлығына жанашырлық қажеттілігін еске салатын жақсы дәстүрге айналды. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы сіздердің  еңбектеріңізге  баға жетпес.

Егеменділіктің  даму жылдарында Қазақстанда базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру және жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында оңтайлы бөле отырып, әлеуметтік көмек үйлесімінде қалыптастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың ұлттық деңгейлі моделі құрылды.

Қарағандының әлеуметтік саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл саланың басты байлығы-жоғары кәсібилігі мен керемет адами қасиеттері бар,  олардан қарт адамдар, жетімдер, мүгедектер көмек күтетін асыл жандар. Барлық мамандарды  жоғары кәсібилігі, ісіне берілгендігі, адамдарға көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамын, әсіресе биыл  адамдар қиын кезеңдерді басынан өткерген кезде, сіздер әрқашан оларға көмекке келдіңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, оптимизм мен игілік, еңбектеріңізде табыс тілеймін!

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                  Е. Бөлекпаев

Қалалық мәслихат хатшысы                                 Қ. Бексұлтанов