2020 жылдың 15 қазанында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Бикеновтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста жоспарлы мәселелер қарастырылды: «Есепте тұрған тұрмысы нашар отбасылармен атқарылған жұмыс, жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша есеп» «2020 жылдың 3 тоқсанындағы Октябрь және Қазыбек би атындағы аудандарының КТІ және ОҚҚК жұмысы туралы есеп».
Отырыс жұмысына 2 аудан әкімінің орынбасарлары, «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің, Қарағанды қаласының әлеуметтік сала бөлімдерінің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы аяқталғаннан кейін тәрбие жұмысын жетілдіру, білім беру ұйымдарында оқитын кәмелетке толмаған балаларды құжаттандыруға жәрдемдесу және т. б. бойынша ұсынымдар берілді.