Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу: Қарағандыда маңызды кездесу өтті.

Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу: Қарағандыда маңызды кездесу өтті.

Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу: Қарағандыда маңызды кездесу өтті.

 

2025 жылғы 14 тамызда Қарағанды қаласының Орталық саябағында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған кең көлемді кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы және облыстық полиция департаменті бірлесіп өткізді.

Кездесу барысында жастарға есірткі заттарының жаңа түрлері, олардың адам ағзасына зияны, сондай-ақ құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Басты тақырып – «Нашақорлықтың жаңа түрлері, жастар арасындағы нашақорлық мәселесі». Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды есірткіден сақтандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Спикер ретінде сөз алған Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Мустафаев Бахытжан Кожахметович жастардың есірткіге деген қызығушылығы көбінесе ақпараттың жетіспеушілігінен туындайтынын айтты

:«Қазіргі уақытта синтетикалық есірткілердің түрі көбейіп барады. Олар көзге көрінбейтін, иіссіз, бірақ өте қауіпті. Біз жастарға бұл заттардың қандай қауіп төндіретінін ашық айтуымыз керек. Әрбір жас заңды да, денсаулығын да ойлауы тиіс», – деді подполковник Мустафаев Бахытжан Кожахметович..

Кездесуге қатысқан кинологиялық қызметтің мамандары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар есірткімен күресте иттерді қолданудың нақты әдістерін көрсетті және осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігін атап өтті.

«Біздің қызметтік иттеріміз көптеген қылмыстың ашылуына көмектесуде. Жастар есірткіге жоламауы үшін біз тек заңмен емес, түсіндіру жұмыстарымен де айналысамыз», – деді қызмет өкілі.

Іс-шара жастардың белсенді қатысуымен ашық форматта өтті. Қатысушылар мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Тақырыптық талқылаулар жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің маңызы зор екенін және алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.