📍 Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында 2025 жылғы 7 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен
🔹 «Әлеуметтік кепілдіктер аясындағы заңнамалық өзгерістер»,
🔹 «Еңбек ету құқығының конституциялық кепілдіктері» тақырыптарында Ашық есік күні өткізілді.
Келушілерге еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерге қатысты маңызды ақпарат ұсынылып, мамандар тарапынан кәсіби кеңестер берілді.
🔗 Семинарға келесі мекемелердің өкілдері қатысты:
▪️ Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ
▪️ Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы
▪️ Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
▪️ Әділет департаменті мен басқармасы
▪️ Қазыбек би ауданы әкімдігі
▪️ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
▪️ Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
▪️ «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілі
▪️ Білім және денсаулық сақтау басқармалары
📌 Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталды.