2025 жылғы 2 мамырда Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында «Үкімет партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарын ұсынады» тақырыбында дебат турнирі өтті. Іс-шара «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының жұмыс жоспары аясында 9–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Турнир WSDC (World Schools Debating Championship) халықаралық форматында өтті, бұл қатысушыларға жоғары дайындық деңгейін, сыни ойлау мен көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Дебатқа «Тастүйін» және «Ұлар Шың» фракциялары қатысып, әрқайсысы мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз көзқарасын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын және патриоттық сезімдерін дамыту. Мұндай бастамалар болашақта ашық әрі әділетті қоғам құруға белсенді атсалысатын жауапты әрі адал ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Осы сияқты дебат турнирлерін өткізу оқушылардың мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қызығушылығын арттырып, олардың конструктивті пікірталас дағдыларын және түрлі көзқарастарға төзімділікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.