«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында іс-шараны ұйымдастыру және өткізу

«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында іс-шараны ұйымдастыру және өткізу

«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында іс-шараны ұйымдастыру және өткізу

2025 жылғы 20 мамырда Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды СУ» ЖШС аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы түсіндіру тобының спикері Камали Жібек Камалқызы қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласында атқарылып жатқан шаралар, сондай-ақ қоғам мен еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Әсіресе азаматтар мен кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарлау құралдарына ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық, ашықтық және есептілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.