Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары!

Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары!

Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары !

🔷«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

✅Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады. Барлық мәліметті төменде көрсетілген нөмірлер алуға болады.

Құжаттар қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіледі.

Байланыс телефоны:

Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;

Қызылсай ауылы: 26-222, 26485;

Теңге ауылы: 49301, 49307;

Рахат ауылы: 28363, 28040;

Кендірлі ауылы: 56006, 56001

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).

Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

1. Отбасы құрамы:

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

























2. Отбасылық өмір тәжірибесі

3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар,  отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)

4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып,  еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:

5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс  хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)

6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)

7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан  аспайды)

8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик

9. Өзге де құжаттар

         Қолы __________

         Күні __________

 

 

*Өтінім мекенжайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады.

 

Байланыс телефондары:

Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;

Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;

Бейнеу ауданы: 8(72932)21680;

Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;

Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;

Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;

Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.