Қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті

Қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті

Қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті

28.04.2025 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік орган және өндірістік мекеме басшылары қатысты.

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Маңғыстау облысы әкімінің 2023–2024 жылдары Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарымен кездесуінде берілген тапсырмалардың орындалысы туралы,

2. 2024 жылы Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстардың және әртүрлі жиналыстардың хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы,

3. 2024 жылы және ағымдағы жылы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалысы туралы.

Аталған мәселелер бойынша Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Ешбаева Гаухар Жұмабайқызы баяндама жасады.

Кеңес барысында әрбір бағыт бойынша нақты жұмыстар мен тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, туындаған мәселелерді шешу бойынша жауапты басшыларға бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі