Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін, 19 наурызда Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен Шалабаев Бексұлтан Айбекұлы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Шалабаев Бексұлтан Айбекұлы 2012 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «қаржы», 2017 жылы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін «құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған, екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Жігер Ақтау» ЖШС-да бастаған. 2008 жылға дейін аталған серіктестікте инженер қызметін атқарған.

2008 жылдан 2009 жылға дейін «Жоспарлау-құрылыс сервис» ЖШС инженер.

2009 жылдан 2012 жылға дейін «Жоспарлау-құрылыс сервис» ЖШС Өндірістік техникалық бөлімінің бастығы болды.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман.

2014 жылдан 2019 жылға дейін Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман.

2019 жылы ақпан – қараша айларында Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы.

2021 жылдан 2023 жылға дейін «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің басшысы.

2023 жылдан бастап қазірге дейін «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, қала әкімінің жаңа орынбасары Шалабаев Бексұлтан тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.

Кадрлық тағайындау қала әкімі Жансейт Қайнарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста қала активіне таныстырылып, бірқатар тапсырмалар берілді.