Құрметті жаңаөзендіктер, Қадірлі жерлестер! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жаңаөзендіктер, Қадірлі жерлестер! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жаңаөзендіктер,
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – қазақ халқының кең пейіл дархандығы мен даналығының көрінісі, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі ұлттың шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген тағзымы мен құрметін білдіреді. Сондықтан бұл күннің басты мәні – ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен ел бірлігін нығайту.

Жаңаөзен қаласында бірнеше ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті, жарасымды тіршілік кешуде. Олардың әрқайсысы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке құтты болсын!

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Жаңаөзен қаласының әкімі
Ж. Қайнарбаев