«Халық қатысатын бюджет»: дауыс беру кезеңіне өткен жобалар анықталды

«Халық қатысатын бюджет»: дауыс беру кезеңіне өткен жобалар анықталды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне 3 жобаны іріктеп алды.

Өтінімдерді қабылдау барысында Жаңаөзен қаласының тұрғындары 3 жобалық ұсыныс берді. Дауыс беру функциясы 6 сәуірде Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының сайтында қолжетімді болады. Тұрғындар ЭЦҚ көмегімен дауыс беру арқылы іске асырылатын үздік жобаларды іріктейтін болады.