Жаңаөзенде «Жыл адамы-2022» және «Жыл тұлғасы-2022» сыйлығының иегерлері анықталды

Жаңаөзенде «Жыл адамы-2022» және  «Жыл тұлғасы-2022» сыйлығының иегерлері анықталды

Жаңаөзенде «Мұнайшы» мәдениет үйінде қала әкімінің дәстүрлі «Жыл адамы-2022» мен «Жыл тұлғасы-2022» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл адамы-2022» сыйлығы жылына бір рет өткізіледі. Мақсаты Отанға шынайы қызмет етумен қатар, өз мамандығын жете меңгеріп, еселі еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен 30 мамандық иелерін марапаттай отырып, өзгеге үлгі ету.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов қатысты.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының мәртебесі әрқашан биік екенін айтқан болатын. Бүгін біз өңірдің дамуына үлес қосқан үздіктерге құрмет көрсетеміз. Елінің патриоты, мемлекетшіл тұлғалардың арқасында Жаңаөзен қаласы жыл сайын дамып, өркендеп келеді. Биыл қаламыз үшін ел өміріндегі маңызды оқиғалар, жағымды жетістіктер болды. Біраз жұмыстар атқарылды. Мұның бәрінде әр салада қосқан сіздердің үлестеріңіз зор. Осы орайда әр салада өнімді жұмыс жасап, үлгі көрсеткен белсенді жандарға «Жыл тұлғасы», «Жыл адамы» атағын табыстағымыз келеді. Сіздердей үздік, еңбекқор жандар есімі әркез құрметке ие. Еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі, - деді қала әкімінің орынбасары.
Жиында әр сала үздіктері марапатталып, сыйлықтары табысталды. «Жылдың үздік мейрімді жанашыры» Үмит Кулжанова, «Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері» Жазира Жакенова, «Жылдың үздік құқық қорғаушысы» Асқар Бопилов, «Жылдың әскери қызметкері» Альбина Мусагалиева, «Жылдың үздік заңгер» Нұрбақыт Жамалов атанды.
Ал «Жылдың үздік дәрігері» аталымы Нұрбақыт Қоңыратбаевқа, «Жылдың үздік өрт сөндірушісі» аталымы Кенжес Сарбалаевқа, «Жылдың үздік экономисі» аталымы Қуаныш Бекмағанбетовке, «Жылдың үздік қаржыгері» аталымы Данияр Сағымбаевқа, «Жылдың үздік банк саласы қызметкері» аталымы Гүлнара Булебаеваға, «Жылдың үздік депутат» аталымы Айсұлу Исаеваға берілді.
«Жылдың үздік тәрбиешісі» номинациясымен Саясат Ажигалиева, «Жылдың үздік пегодагог ұйымдастырушы» номинациясымен Ерлан Туляков, «Жылдың үздік кәсіби білім беруші педагогы» номинациясымен Алия Хайруллаева, «Жылдың үздік мәдениет және өнер қызметкері» номинациясымен Мейрамкуль Иламанова, «Жылдың үздік ауыл өнерпазы» номинациясымен Алина Кенжегалиева, «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясымен Муслима Мирова марапатталды.
Сондай-ақ, «Жылдың үздік мұнайшысы» аталымы Женисбек Сулейменовке, «Жылдың үздік бұрғышысы» аталымы Ержан Қарабалаевқа, «Жылдың үздік энергетигі» аталымы Сәрсенғали Тлеумағанбетовке, «Жылдың үздік құрылысшысы» аталымы Абдирахман Бимановқа, «Жылдың үздік тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкері» аталымы Берік Енсеповке, «Жылдың үздік қоғамдық бірлестігі» аталымы Ақмұрат Күмісбаевқа, «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» атағы Нуртаза Мынбаевқа, «Жылдың үздік кәсіпкер» атағы Элмира Худайбергеноваға, «Жыл меценаты» аталымы Асия Рзаеваға, «Жылдың үздік спортшысы» Мерей Марханбетовке, «Жылдың үздік ақыны» Орынгүл Смағұлға, «Жылдың үздік тілшісі» атағы Гүлсім Ербөлековаға берілді.
Сонымен қатар, қала әкімінің «Жыл тұлғасы–2022» аталымы «Көкмойнақ» Маңғыстау командасының жетекшісі Исенбай Қалдамановқа табысталды.