Жаңаөзен қаласындағы Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері назарына!!!

Жаңаөзен қаласындағы Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері назарына!!!

Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына» сәйкес, 2023 жылдың 31 наурызына дейін Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқорына кезекті есеп беру кезеңі өтетінін хабарлайды.

Яғни, 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Осыған орай, Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық бірлестік, қор, ассоциация және т.б. заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған барлық үкіметтік емес ұйымдарға уақытылы www.infonpo.gov.kz сайты арқылы есеп берудің электронды нұсқасын толтыру қажеттігі ескертіледі.

Ескерту: Уақытылы есеп беру ақпаратын ұсынбаған ҮЕҰ-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мәжбүрлі түрде тарату шаралары қолданылады.