
Ағымдағы жылдың 29 қазанында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Жақайұлы Әбілов іс-сапармен Жаңаөзен қаласында болды. Сапар барысында қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, кезектен тыс Президент сайлауына дайындық барысы жөнінде комиссия төрағасы Б. Базыловтың мәліметін тыңдады. Сондай-ақ, бірқатар сайлау учаскелерінде болып, учаскелік комиссия мүшелерімен кездесті. Алдағы өтетін саяси науқанның маңыздылығы, сайлау процесстерінің негіздері жөнінде әңгімелесіп, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының қолданысын түсіндіріп, әріптестеріне сәттілік тіледі.