Нұрлан Ноғаев инвестиция тарту мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Нұрлан Ноғаев инвестиция тарту мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін, 22 қыркүйекте Маңғыстау облысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында инвесторлар 4 инвестициялық жобаны таныстырды. Атап айтқанда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жекеменшік мектептер салу, сондай-ақ Ақтау-Құрық кеме жасау верфінің құрылыс жобасы.

Отырысқа қатысушылар аталған жобаларды іске асыру тетіктерін қарап, талқылады, сонымен қатар жобаларды одан әрі тиімді іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Кеңес өңір экономикасының орнықты әрі сапалы өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.

Осы жобаларды іске асыру өңірге инвестициялар тартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта бизнестің белсенді дамуына ықпал ететін болады. Бұл жиын әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсерін тигізеді.

- Әрине, бұл біздің өңір үшін өте өзекті жобалар. Алайда, кез-келген жобаны, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асыру кезінде, әсіресе жер телімін бөлу жағдайында заң аясында қатаң әрекет ету керек. Мемлекеттің, халықтың және кәсіпкерлердің мүдделері сақталуы тиіс екенін есте ұстаған жөн, - деді Нұрлан Ноғаев.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.