Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау  және аттестаттау, сондай–ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы №70 бұйрығына  сәйкес, «Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды

      Функционалдық міндеттері:  Заңнамаларға сәйкес мекеменің шарушылық, құқықтық-экономикалық қызметіне басшылық ету. 

      Біліктілік талаптар: Қажетті бейіні бойынша жоғары білімі. Басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

      Мекеменің электрондық мекен жайы, байланыс телефоны және орналасқан орны: din_uzen@mail.ru, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, «Неке Сарайы» ғимараты, 2-қабат, №205 бөлме, телефон: 8/72934/     57-501, 57-503.

      Мекеме атауы: «Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі атқаратын қызметі:

Жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру, деструктивті дәни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Мемлекеттiк жастар саясаты туралы, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Заңдарын білу

Конкурс жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн мерзім ішінде келесі құжаттар тапсырылуы тиіс:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

        Әнгімелесуге жіберілген кандидаттар аталған конкурс бойынша қажетті құжаттар қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бекітілген тәртіпке сәйкес әңгімелесу өтеді.

       Құжаттарды қабылдайтын мекен жай: Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, құрылыс 1а, «Неке Сарайы» ғимараты, 2-қабат, №205 бөлмесі,телефон: 8/72934/57-501, 57-503