Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

Құрметті сайлаушылар!

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Сайлаушылар дауыс беруді өздерінің тіркелген тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінде жүзеге асырады.

Жаңаөзен қаласы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпарат «Жаңаөзен» қалалық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 28 санында  жарияланды.

Сонымен қатар, сайлаушылар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жері туралы ақпаратты келесі жолдармен анықтауына болады:

- CALL-орталық: тел.48-614;

- https://sailau.e-mangistau.kz/  сайтынан;

- https://t.me/man_saylaw_bot/ телеграм-каналынан. Ол үшін Сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.

- www.gov.kz платформасындағы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми интернет-сайтындағы «Сайлау» бөлімінен.

Дауыс беруге келген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты өзіңізбен бірге алып келу қажет немесе цифрлық нұсқасын пайдалануға болады.

Тиісті учаскелік сайлау комиссиялары