Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш қала активіне Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған Абишаев Расул Жұмабекұлын таныстырды. Абишаев Расул Жұмабекұлы 1987 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші маман қызметінен бастаған. Сондай-ақ, «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Қызылсай ауылының әкімі қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.

2026 жылғы 22 маусымнан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.