
Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті
Бүгін Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Қазіргі демократиялық қоғамда сайлау – халықтың билікке қатысуының негізгі тетігі болып табылады. Ал бұқаралық ақпарат құралдары азаматтарды саяси ақпаратпен қамтамасыз ететін, қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды институт ретінде сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде айрықша рөл атқарады. Сайлау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимыл сайлау науқанының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып саналады.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысу тәртібі, демократиялық қоғамның негізгі қағидаттары, сондай-ақ саяси науқандар кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.