
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясында «Ашық есік» күні өтуде
Бүгін Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - азаматтардың сайлау және сайлану құқығы туралы ақпараттандыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға сайлаушылардың қызығушылығын арттыру, дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау, сондай-ақ сайлаушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында келушілерге жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күні туралы, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысу тәртібі, тең, жалпыға бірдей және төте сайлау құқығы, сондай-ақ сайлауға еркін және ерікті қатысу қағидаттары жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.