«Заң үстемдігі - заман талабы» тақырыбында семинар-сабақ өтті

«Заң үстемдігі - заман талабы» тақырыбында семинар-сабақ өтті

«Заң үстемдігі - заман талабы» тақырыбында семинар-сабақ өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін «№10 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде жоғары сынып оқушыларымен семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мұхаммедов және комиссия төрағасының орынбасары С. Қалаубаев оқушылармен ашық форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, болашақ жас сайлаушыларға еліміздің сайлау жүйесі, әрбір азаматтың сайлау және сайлану құқығы, сондай-ақ демократиялық құндылықтардың маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.