Жаңаөзен қаласында аппараттық жиналыс өтті

Жаңаөзен қаласында аппараттық жиналыс өтті

Жаңаөзен қаласында аппараттық жиналыс өтті

22 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, алдымен Жаңаөзен қаласының білім саласы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ғани Құрманғалиев баяндама жасап, тапсырмалардың орындалу деңгейі мен өзекті мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ, облыс және қала әкімдерінің Жаңаөзен қаласы халқымен кездесуі барысында жасақталған іс-шаралар жоспарының орындалуы және азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешілу барысы қаралды. Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдабеков, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Айнұр Ақжігітқызы баяндама жасады.

Жиын барысында қала әкімі сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, халықпен кері байланысты күшейтуді және көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.

Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қала әкімінің қатаң бақылауына алынды.

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі