Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері

Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері

Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері

 

Газ тұрмыста кеңінен қолданылатын, бірақ аса мұқияттықты қажет ететін энергия көзі. Газбен дұрыс қолданбау адамның денсаулығына және өміріне қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Газды қауіпсіз пайдалану үшін төмендегі ережелерді сақтаңыз:

1. Жалпы ережелер

  • Газ құрылғыларын (плита, газ колонкасы, қазандық) тек мамандандырылған қызмет көрсететін мекемелер орнатуы тиіс.

  • Газ жабдықтарын пайдалану алдында түтін тарту жолын (тартқышты) тексеріңіз.

  • Жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

  • Газ плитасының үстіне киім кептіруге және оны бөлмені жылыту үшін қолдануға болмайды.

  • Жанғыш заттарды газ құрылғыларының қасында сақтамаңыз.

2. Газдың иісі шыққанда не істеу керек?

  • Газ шүмегін дереу жабыңыз.

  • Терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз.

  • Электр құралдарын қоспаңыз және от жақпаңыз.

  • Үйден шығып, 104 нөміріне хабарласыңыз.

3. Құрылғыларды тексеру және қызмет көрсету

  • Газ құрылғыларын жылына кемінде бір рет мамандарға тексертіңіз.

  • Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтыру газдың шығуын сезетін сигнал беруші датчигін орнатыңыз.