Жаңаөзен қаласында мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті

Жаңаөзен қаласында мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті

Жаңаөзен қаласында мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті

Жаңаөзен қаласының әкімдігінде қала әкімі аппаратының басшысы Мекен Уйсеновтің төрағалығымен мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Рәсім барысында Мекен Уйсенов мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, ант қабылдау – мемлекеттік қызметшінің халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілігін ресми түрде бекітетін маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жас қызметшілерге адалдық, әділдік, кәсібилік және заң талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары екенін жеткізді.

Ант қабылдау рәсімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер салтанатты түрде ант берді.