Жаңаөзен қаласында Кендірлі ауылының жаңа әкімі сайланды

Жаңаөзен қаласында Кендірлі ауылының жаңа әкімі сайланды

2025 жылдың 28 қыркүйегінде Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында ауыл әкімін сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды. Нәтижесінде Кендірлі ауылының әкімі болып Тоқтасынов Медет Асқарұлы сайланды.Бүгін 1 қазан күні қала әкімдігінің мәжіліс залында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сүйіндік Мұхаммедов қала әкіміне, әкім орынбасарларына және мемлекеттік мекеме басшыларына сайлау қорытындысын таныстырып, жаңа ауыл әкіміне куәлігін табыстады.

Медет Асқарұлы Тоқтасынов – 1993 жылы туған, бұған дейін «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылында тұрады.

Жаңаөзен қаласында ауыл әкімін сайлау тұрғындардың белсенді қатысуымен ұйымдастырылып, заң талаптарына сәйкес өткізілді.