Бүгін, 9 қыркүйек күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының МОФ Жаңаөзен қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен АвтоХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 8 айдағы қорытындысы тыңдалды. Бұл туралы орталық директоры Гүлзада Юсупова баяндама жасады.
Қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу жай-күйі қаралды. Бұл мәселе бойынша аппараттың ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Гаухар Ешбаева есеп берді.
Жиын барысында қала әкімі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, халықты цифрлық жүйеге көбірек көшіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты тиісті бөлімдерге жол қауіпсіздігін күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы хаттамаға енгізілді.
Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі