Ардагерлерге құрмет: Жаңаөзенде бильярдтан жолдастық кездесу өтті

Ардагерлерге құрмет: Жаңаөзенде бильярдтан жолдастық кездесу өтті

Ардагерлерге құрмет: Жаңаөзенде бильярдтан жолдастық кездесу өтті

Жаңаөзен қаласында Қарттар күні аясында ардагерлер арасында өткен бильярдтан жолдастық кездесудің марапаттау рәсімі Ардагерлер үйінде ұйымдастырылды.

Шара AMANAT партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының бастамасымен, мәслихат депутаттарының қолдауымен өтті. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов, қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов және AMANAT партиясы ЖҚФ хатшысы Темір Мусаев қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 1-орын – Базарбаев Амантай

🥈 2-орын – Досжанов Түркменбай

🥉 3-орын – Нұрмағанбетов Жақсылық

Жеңімпаздар алдағы уақытта қаладағы мұнайшы ардагерлермен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын болады.

Жиын соңында ардагерлер кеңесінің барлық мүшелері бас қосып, әңгіме-дүкен құрды.