Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Армат Жалғасбайұлы Джусупкалиевтің атынан бірқатар азаматтарды марапаттады.
Марапаттар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлестері үшін табысталды.