Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай сіздерді орта білім беру ұйымын сәтті аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жыл қаламызда «Білім жылы» деп жарияланды. Бұл – білім саласына ерекше назар аударылып, ұстаздар мен оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетілген маңызды кезең болды. Осы бастаманың нәтижесін бүгін сіздердің жетістіктеріңізден айқын көріп отырмыз.

Ағымдағы оқу жылында қаламызда 1 469 оқушы 11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Оның ішінде 29 түлек – «Алтын белгі» төсбелгісіне, 126 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.

Құрметті түлектер!

Сіздерге алда үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктерге толы өмір жолы күтіп тұр. Әрқайсыңызға алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңызға жетуде сәттілік, қажыр-қайрат, табыс тілеймін!

Білім мен еңбек жолы – биік белестердің бастауы. Сол жолда аянбай ізденіп, еліміздің жарқын болашағына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін.

Ізгі ниетпен, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев